ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕРІ АУРУЛАРЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ЕНГІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық тері-венерология диспансерінде «Vision Derma» дерматоскоп қондырғысымен жұмыс жасауды оқытуға арналған мастер-класс өтуде. Мастер-класты Германияның «Senior Experten Servise» (SES) компаниясы эксперті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Савко Вассилев жүргізеді.
Мастер-кластың негізгі мақсаты облысымыздың дерматолог мамандарын тері және венериялық ауруларды дерматоскоп аппаратын қолдана отырып ерте анықтау және емдеу сапасын арттыру.
Оперативтік дерматология мен клиникалық дерматология, аллергология (кәсіби және экологиялық аллергия), паразитология салаларының белді маманы саналатын профессордың шеберлік – шеберлік класы жергілікті дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыуға сеп болады.