ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕР ТЕЛІМІНІҢ КЕЗЕГІ АРНАЙЫ САЙТТА ЖАРИЯЛАНАДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-тармағында мемлекеттік органдардағы мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын ақпараттардан басқа кез-келген ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық үкімет» енгізу механизмінің қажеттілігі белгіленген.
Ұлт жоспарын іске асыру төңірегінде өңірдегі халықты көп мазалайтын жер мәселесіне қатысты ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық прокуратурасы қалалық әкімдікке арнайы сайт ашуды ұсынған болатын.
Осы ұсыныс қала әкімдігі тарапынан қолдау тауып, жер телімі бойынша жазылған өтініштер кезегі, аукциондар шығатын жер телімдері, жер алу тәртібі мен жер туралы заңнамалар көрсетілген мәліметтер www.kyzylorda-zher.kz сайтына жарияланатын болды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.