НАЗЕРКЕ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионаттар әлемнің түкпір-түкпірінен шыққан үздік спортшыларды жинайды. Мұндай деңгейдегі жарыстар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мамандығын насихаттап, спортпен тығыз байланысты сала мамандарын шыңдай түседі.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі болып қызмет атқаратын Назерке Азия мен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы. Осы жылдың маусым айында ғана Назерке Қазақстанның ұлттық құрамада өрт-құтқару спорты бойынша Мәскеуде халықаралық турнирге қатысып күміс медаль жеңіп алды.


