ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Байқоңыр қаласының әкімшілігінде есірткіге қарсы комиссияның отырысы өткізілді. Кездесуде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған арасында алкоголизм мен нашақорлықты болдырмау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында қоғамдық ұйымдарды, еріктілер қозғалыстарын, діни бірлестіктерді нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттауға жұмылдыру жайы айтылды.
Байқоңыр қаласының аумағында бас бостандығынан айыру орындарынан және қоғамнан оқшалауға жатпайтын жазаға сотталғандар арасында алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы Байқоныр қалалық пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет капитаны Н. Баймырзаев, РФ Байқоныр қаласындағы қылмыстық-атқару инспекциясы Орынбор облысы бойынша филиалының бастығы, әділет майоры Г.Зайцева баяндап өтті.
Баяндамада сотталғандар арасында алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу мақсатында халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет басқармасының жастар саясаты орталығы, туризм және спорт басқармаларының бірлескен шаралары жайлы айтылды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша комиссия аппаратының жетекшісі Татьяна Сафронова есірткінің алдын алуда қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер мен ерікті қозғалысын кеңінен тартуды атап өтті.