ОБЛЫСТА ШАҢДЫ ДАУЫЛ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 6 қазанда күндіз, 7-8 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін шаңды дауыл тұрады.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы