СЫРДАРИЯДА БПҰ МҮШЕЛЕРІ ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы «Аманкелді» бастауыш партия ұйымының мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылады.
Жиынға аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Иса Әбдіхалықов, ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы, ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мырзағали Кенбаев сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Сондықтан біздер мақаланы талқылау барысында бекершілікке жол бермей, сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, ел игілігіне жарату жолдарын қарастырумыз керек,– деп атап өтті аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Иса Әбдіхалықов.
Ауыл тұрғындары латын әліпбине көшуді кеңінен талқылады. Күнделікті тұрмыста, ұялы телефондары арқылы латын әріптерін еркін қолданып жүрген балалары үшін бұл бастаманың тимді жүзеге асатынына кәміл сенеді.
Менің екі балам медициналық білім алуда. Олар Елбасының қазақ әліпбиін латынға көшіру бастамасын қуана қолдап отыр. Медицинаға қатысты ақпараттардың басым бөлігі ағылшын, латын тілдерінде болғандықтан, түсінікті әрі ақпарат алуға қолжетімді дейді олар. Сондықтан еліміздің болшағы үшін жасалып отырған Елбасының әрбір бастамасын біздер қашанда қолдаймыз, -дейді ауыл тұрғыны Раушан Тәуекел.