ЖАЛЫННАН ЖАСҚАНБАЙТЫН ЖІГІТТЕР


Мәселен, 2017 жылғы 6 сәуірде 14 сағат 39 минутта өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Ә.Бөкейхан көшесі №74 үйдің 3-ші қабаты өртеніп жатқаны жайлы хабарлама түсті. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аталған мекен-жайда барлау жұмысын жүргізіп, 3-ші қабатының балконы түтіндеп жатқанын анықтайды.
Бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Б.Кененбаев 4-ші қабаттағы №52 пәтерден мүгедек әйелді автосаты арқылы құтқарды және 3-ші қабаттан 3 адамды баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге көшірді.
Ол қызметке келгелі 12 жылдан асты дейтін болсақ, әр күн сайын оның қызмет барысы от-жалынды ауыздықтаумен өтеді. Б.Кененбаев әрқашанда өрт сөндіруде ұтымды шешім қабылдап, кәсіби шеберлігімен қайсарлығын көрсетіп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермей, адам өмірін арашалап қалуға күш салады.
Осы өрт кезінде бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Б.Кененбаевпен бірге өртті сөндіруге адам өмірін құтқаруға атсалысқан жігіттің бірі аға өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау сержанты Н.Тұяқбаев болатын. Ол ашық жалынмен жанып жатқан өрт ішінен бірнеше адамды құтқару жұмысында аянбай тер төкті.


Жалыннан жасқанбайтын жігіттер төл мерекелері – құтқарушылар күнін де жұмыста өткізеді. Өйткені, олар үшін адам өмірі мен қауіпсіздігі бәрінен жоғары.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы