«ТІЛДАРЫН - 2017» ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында «Тілдарын - 2017» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиадаға мамандығына, кәсібіне, шұғылданатын ісіне қарамастан 18 мен 22 жас аралығындағы облыстың Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан, барлығы 8 талапкер қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтті: Бірінші кезең – қазақ тілін білу; Екінші кезең – ағылшын тілін білу; Үшінші кезең – орыс тілін білу.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Арал ауданындағы № 14 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айдана Әбубәкірова жеңіп алса, ІІ орынды Жаңақорған ауданындағы №51 М. Қаратаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қызжібек Абылайханқызы, ІІІ орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Айғаным Тілеуберген иеленді.
Байқау жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен алғыс хаттары және ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.
І орын иегері 2017 жылдың қараша айында өтетін «Тілдарын - 2017» республикалық олимпиадасына қатысуға жолдама алды.