ЖАҢА ҚАЛАДА ҚОЛТАҢБАМЫЗ ҚАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс орталығына жұмыс сапары барысында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы шығыстық үлгідегі жаңа қала жобасымен танысты. Мен аймақ құрылысшылары атынан сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлыға шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлығы үшін алғысымды жеткіздім.
«Сәт-Сервис» ЖШС 2001 жылдың қаңтар айында құрылды. Облыс көлемінде құрылыс-монтаж жұмыстарын атқарып келеміз. Биылғы жылдың көктемінен бастап сол жағалаудан бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің сол жағалауында тұрғызылып жатқан аумаққа 18 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Сол үйлердің алғашқысы болып, біздің компания тұрғызып үй аяқталуға жақын.
Дарияның сол жағынан бой көтеретін көрікті қалада біздің де қолтаңбамыз қалатын болады. Жаңа қаланың алғашқы тұрғындары біз салған тұрғын үйде тұратынына қуаныштымыз.
Бүгінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміздің экономикасы кемелденген, дамудың даңғыл жолын ұстанған қуатты мемлекетке айналды. Біздің аймағымызда жасалынып жатқан игілікті істердің барлығы да Елбасының тікелей қолдауының және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нақты көрінісі.
Алдағы уақытта облыс орталығының перспективалық дамуы дарияның сол жағалауында жүзеге асырылатын болады. Біз облысымыздың көркеюіне үлес қосқанымыз үшін мақтана отырып, қашан да қолдау көрсетуге дайын екенімізді жеткізгім келеді.
Роза ИМАНОВА,
«Сәт-Сервис» ЖШС директоры.