ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨСІМ БАР
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, аймақта 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңдеу секторындағы өндірістің көлемі 4,5% -ға өсіп, 67,2 млрд теңге өнім шығарды. Ал инвестициялар көлемі 12,8% -ға өсіп, 112,8 млрд. теңге болды.
Тек соңғы 4 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 51,2% (ҚР - 7,7%) өсті және ЖӨӨ үлесі 3 есеге артты. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құны 32,7% -ға артты.
Бұл көрсеткіштер аймақ өзінің экономикасын қарқынды түрде әртараптандыратындығын көрсетеді.
Осы жыл соңына дейін молибден тотығының ұнтағының молибден троксидіне техникалық конверсиялау, «РМЗ-Шапағат» ЖШС үй құрылысы зауытының толық жүктелуін қамтамасыз ету, «Арал сода» ЖШС-нің сода күлін өндіру жөніндегі зауыт құрылысын бастау жүзеге асырылуы жоспарланған.