«ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУМЫСЫҢ!» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Қарттарым, аман-саумысың» атты акция ұйымдастырып, бірқатар ардегерлерді төл мерекемен құттықтап арнайы сый –сыйапат жасады.
Акция Ұлы Отан соғысы ардагерлері, аса мұқтаж жалғызбасты тыл еңбеккерлері, жалғызілікті қарттарға қамқорлық көрсету, жастарды үлкен адамдарға ықыласпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Акция аясында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ҰОС ардагері Иван Онищенконың отбасында болып, қарт жауынгерді мерекесімен құттықтады. Онан соң қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіндеге қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар жағдайымен танысты.
Кездесу барысында Ибадулла Құттықожаев Елбасы талабына сәйкес және облыс басшысының тікелей қолдауымен атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде Сыр өңірінде де ардагерлерге әлеуметтік қолдаудың артып келе жатқандығын тілге тиек етіп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт, тыныш өмір кешуінде ардагерлердің үлесі қомақты екенін айтты.
Ибадулла Дүйсенбайұлы білім саласы ардагерлерін де назардан тыс қалдырмады. Қаладағы бірқатар білім ошақтары ұжымымен кездесіп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өңіріміздің білім беру саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген ұстаздар қауымын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының алғыс хаттарымен марапаттады.