БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН КАЛЬЦИЛЕНДІРІЛГЕН СОДА ШЫҒАРАДЫ
Аймақтағы импортты алмастыратын ірі жобалардың бірі, кальцилендірілген сода өндіру жөніндегі жобасын жүзеге асыруға 100 гектар жер телімі бөлінді.
Жобаның қуаттылығын 200-ден 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға байланысты тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілді. Осы жылдың шілде айында қытайлық инвестор-серіктеспен бірлескен кәсіпорын құрылды.
Зауыт құрылысын қаржыландыру мәселесі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы зерттелуде. Инженерлік инфрақұрылым «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қарастырылады.
Қызылордадан бой көтеретін зауыт республикада осы өнімге деген сұраныстың 75% -ын бірден-бір кәспорын болмақ. Жоба толық жүзеге асқанда 700 адам жұмыспен қамтылады.