ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тапсырмаларынан туындаған «Прокуратура Қазақстан халқы үшін» атты өзгерістер бағдарламасын жүзеге асыруда Қызылорда облыстық прокуратурасы бірқатар бастамаларды қолға алды. Бұл туралы прокуроры Халидулла Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Солардың бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыс тұрғындарына учаскелік полиция инспекторларын жақындату мақсатында республикамызда ең алғашқы болып іске қосылған шыны стационарлық полиция бекеттері. Бұл заманауи бекеттер облыстық прокуратура әзірленген «Полиция халыққа жақын» жобасының аясында жүзеге асып отыр.
Сондай-ақ, азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, оларға ашық, жариялы және жедел түрде құқықтық қызмет көрсету үшін Қызылорда облыстық прокуратурасында «Азаматтарды қабылдау орталығы» бой көтерсе, Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан «Халыққа құқық қорғау қызметтерін көрсету орталығы» ашылған.