ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АЯСЫНДА 2 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы өнеркәсіп өнімнің жекелеген түрлерін өндіруде жетекші өңірлер тізіміне енді. Қазір аймақта тәжірибелік өнеркәсіптік кәсіпорын бар, өндірілген метаванадат аммоний өнімі экспортқа жіберіледі.
Аймақта Индустрияландыру бағдарламасымен қатар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында екі жоба жүзеге асырылуда.
Индустрияландыру бағдарламасымен қатар Қазақстан-Қытай бірлескен жобалар қатарында облыс бойынша 2 жоба іске асырылуда. Соның бірі – қуаты жылы 1 млн. тонна болатын тампонажды цемент шығаратын өндіріс орны. Жалпы құны 64 млрд. теңге болатын зауыт құрылысы үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 50 гектар жер телімі берілді. Қытай тарапымен бірлесіп біріккен кәсіпорыны құрылды. Нәтижесінде Қытай инвесторлары зауыт құрылысын жалғастыру үшін есепті кезеңде 7,5 млн.АҚШ. долл. көлемінде бірінші транштық қаржы аударды.
Сондай-ақ, томат пастасын өндіру жобасы бойынша зауыттың құрылысы басталады.
Қазіргі уақытта Қытайдан келген инвесторлармен («Кофко» компаниясы) бірлесіп, жоба қосымша жер телімін тіркеу және Сырдария өзенінен арнайы суды пайдалануға рұқсат алу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы құны 8,8 млрд. теңге болатын зауыт жоспар бойынша екі жылдан кейін пайдалануға беріледі.