МАМАНДЫҒЫН МАҚТАНЫШ ТҰТАДЫ
Адам жанының арашашысы бола білген ақ халатты абзал жандар құтқарушылардың арасында да бар. Солардың бірі, оқыс сәтте адам өмірін арашалауға алғашқылардың бірі болып жететін Бақытжан Ықыласов «Апаттар медицинасы орталығы» облыстық филиалында еңбек етуде.
Филиалдың негізгі жұмысының бірі күре жол медициналық бекеттерінің қызметін үйлестіру. Ел мен елді, жер мен жерді байланыстыратын жердің қан тамыры болып есептелетін күре жол байланысының қауіпсіз болуы аса қажет. Күн сайын мыңдаған адам жол бойында сапар шегіп кетіп бара жатады.
Бақытжан Әбдіхалықұлы 1973 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1980 жылы №235 орта мектепке барып, 1988 жылы №173 орта мектептің 9 сыныбын «Үздік куәлікпен» бітіріп, Қызылорда қаласындағы медициналық колледжіне «Емдеу ісі» факультетіне түсті. Еңбек жолын облыстық денсаулық орталығында 1992 жылдан фельдшер болып бастаған Бақытжан 1992 жылдан 2013 жылға дейін Қызылорда қалалық жедел медициналық жәрдем стансасында фельдшер-субординатор болып еңбек етті. Еңбегі еленіп, Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бірнеше мәрте марапатталды.
2013 жылдан ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ аға фельдшер қызметіне ауысып, еңбек етуде. Қызылорда облыстық ТЖД ұйымдастырған «Үздік медицина қызметкері» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
«Отбасымда үш балам бар. Жұбайым Қошқарбаева Гүлзада – «Жедел жәрдем» стансасында қызмет жасайды. Ұлдарым Бекнұр- «Қазақтелеком» АҚ мекемесінде жетекші маман, Нұртөре – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті, қызым Нұрай- №3 мектеп- лицей оқушысы»,-деді әңгіме барысында Бақытжан Әбдіхалықұлы.
Алда келе жатқан құтқарушылар күні қарсаңында біз де әріптесімізді құттықтап, қызметте абырой биігінен көрінуіне тілектестік білдірдік.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы