ӨНІМДЕРІМІЗ ОН БІР ЕЛГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2017-10/thumbs/1507178473_5industr2.jpg)
Ағымдағы жылдың 8 айында экспорт көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға артты (2017 жылдың 8 айы – 3,9 млрд. теңге, 2016 жылдың 8 айы – 3,25 млрд. т). "Аралтұз" АҚ индустрияландыру бағдарламасы аясында ас және техникалық тұз өндіретін екі испан цехын іске қосты. Бұл өз еңбек өнімділігін арттырып, 1200 астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға және қызметкерлердің еңбек ақысын 60 пайыз ұлғайту мүмкіндік берді. Біздің өнім тек соңғы 2 жылда Ресей нарығындағы ас тұзының 13 пайыз үлесін иеленді.
Биылғы 8 айында өнеркәсіп саласында 8 шағын және орта кәсіпорындар іске қосылып, 118 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін облыс көлемінде 377 жаңа жұмыс орны құрылатын 16 шағын және орта кәсіпорынның іске қосылуы жоспарланған.