КӨП ТІЛ БІЛГЕН КӨПТЕН ОЗАДЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Үш тұғырлы тіл- мемлекет ертеңі» атты пікірсайыс ұйымдастырды.
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» идеясын жария еткен болатын. Қазір Елбасы бастамашы болған бағдарлама аясында жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Шараға «Өркениет» колледжі мен «Абылай хан» колледжі студенттері қатысты. Қатысушылар «Үш тұғырлы тіл» саясатының өмірлік қажеттіліктен туындаған идея екендігін айтып өтті. Бірнеше тілді меңгерген қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатынына тоқталды.
Мәдени шараны «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты кітап көрмесі түйіндеді.