ҚАЙТА ТІРІЛГЕН ТЕҢІЗ
Көне дәуір естеліктері заманында сан қилы атауға ие болған қазіргі Арал теңізіне ежелден-ақ Сыр мен Әму еміне ағып жататынын айтады. Сайын даланы көктей өтетін егіз бұрымдай қос өзен осылайша сан ғасырлар бойы Аралдың айдынын толтырыпты. Кейінірек сан түрлі себептермен Әму басқа арнаға бұрылды. Сырдың да арыны тежеліп, Аралдың кемері кейін шегіне бастады. Аз жылда теңіз жағалауы жүздеген шақырымға жырақтап кетті. Атакәсіптен үміт үзген аудан тұрғындары жан-жаққа үдере көше бастады. Бұл Қазақ елі тәуелсіздік алған 90-жылдардың басындағы жағдай еді.
Көп ұзамай тәуелсіздігін енді ғана алған Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алып айдынды толтырудың алғашқы қадамдарын қолға алды. Осының арқасында тірілген теңіз әлем жұртшылығын таңқалдырып, оны ғасыр жобасы атады. Елбасының бастамасымен қолға алынған жобаның қазір халық игілігін көруде.
Елбасы бастамасымен қолға алынған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасына Қазақстан Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп 86 млн АҚШ доллар бөлді. Жобаның алғашқы кезеңінде теңізді бөліп тұратын 14 шақырым «Көкарал» бөгеті тұрғызылып, «Ақлақ» су тоспасы салынды. Сырдария өзенінің арнасы реттеліп, «Қараөзек», «Әйтек» тоспалары қайта жаңғыртылды. Кіші Арал суы бұрынғы жағалауына жетіп, теңіз акваториясы бес есе ұлғайды. Аймақтың ауа райы өзгеріп, климаттық табиғи болмысы қалыптасты. Теңіздің тұздылығы бірнеше есе төмендеді. Кіші Аралға балықтың 20-дан астам түрі қайта оралып, бүгінгі күндері алғашқы 400 тоннадан қазір 8000 тоннаға дейін балық ауланады. Аймақта 8 балық зауыты жұмыс істейді. Сала өнімдерінің тең жарымға жуығы Еуропа және ТМД елдеріне экспортталып отыр.
САРАТС жобасының екінші кезеңінің жүзеге асырылуы ол Кіші Аралды кемелдендіре түседі. Балық шаруашылығы одан әрі өркендеп, оны аулау көлемі 30 мың тоннаға жетеді деп болжануда. Қазір САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру қолға алынуда. Бұл кезде теңіз Арал қаласына жақындап, оның акваториясы байырғы деңгейіне жақындамақ.