ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР ТОП ЖАРДЫ
Алматы қаласында өткен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауында сырбойылық өнерпаз өрендер І-орынды иеленді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған байқау "Өрнек" лагерінің базасында өткізді. Оны ұйымдастырушылар қызылордалық өнерлі балаларды баптаған үйірме жетекшілері А. Бердеева және Е. Сермановқа ризашылығын білдірді.
Бұдан бөлек, «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдердің үлгісін жасау» номинациясы бойынша Гүлзина Жұмабек І-дәрежелі дипломмен, «Саздан шағын формадағы мүсіндер жасау, сабан, тоқыма, ағаш» номинациясы бойынша І-дәрежелі дипломмен Диас Әбдіқани, «Тоқыма дайындау: тоқымашылық, кестелеу, батик, гобелен, тоқыма, сәндік ойыншық, коллаж, макраме, фриволите, шілтер, құрақ пластикасы, тері, бисер, илеу» номинациясы бойынша І-дәрежелі дипломмен Балауса Дүйсенғали марапатталды.