АСТАНАДА «KZ-EURO-PL» ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Варшавада Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына дайындық шеңберінде Қазақстанның Польшадағы Елшілігі ұйымдастырған Польшаның бұрынғы Премьер-министрі, Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық кеңесінің төрағасы К.Марцинкевич бастаған 26 алдыңғы қатарлы поляк компаниялары өкілдерінен тұратын ірі бизнес-делегациясының Қазақстанға жасаған сапарының нәтижелері қорытындалды, деп BNews.kz.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің өңірлерінде индустриалдық, агроөнеркәсіптік, авиациялық және инфрақұрылымдық сияқты 4 кластер шеңберінде өндірістік кәсіпорындар құруға поляк және еуропалық компанияларының қатысуын көздейтін «KZ-EURO-PL» пилоттық жобасының тұжырымдамасы қазақстандық тарапқа таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаевпен, Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековпен, Қаржы министрі Б. Сұлтановпен, Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р. Жошыбаевпен жобаны іске асырудың нақты қадамдары талқыланды.
Польшаның бұрынғы Премьер-министрінің орынбасары, Өндіріс және сауда, инфрақұрылым және даму министрі, ал қазіргі кезде Польшадағы ауыл шаруашылық техникасын шығаратын ең озық өнеркәсіп – «Pol-Mot» холдингінің Даму бойынша директоры Марек Пол ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы индустриалды кластерді дамытуға қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Поляк кластерлері одағының президенті Кшыштов Крыстовский Польшаның PZL Mielec және PZL Swidnik компанияларының қатысуымен бірлескен Қазақстан-Польша авиациялық кластерін дамытуды ұсынып отыр. Бұл жоба М-28 көпмақсатты шағын ұшақтарын, М-18 ауылшаруашылық ұшақтарын, мұнай-газ саласындағы теңіз үстінде бақылау жұмыстарын өткізуге қолайлы «Сокол» тікұшақтарын жасауды көздейді.
Сонымен бірге, тау-кен саласы үшін индустриалды кластерді дамыту бойынша жұмыс басталып үлгерді. «Kopex», «Huta Labedy», «KGHM Zanam», «Mostostal Zabrze», «Weglokoks», «MSX Resources» және «Nitroerg» сияқты мықты поляк компанияларынан тұратын машина жасау консорциумына қатысушылар Қарағанды облысында тау-кен саласы үшін құрылғылар мен қондырғыларды жасауды қамтитын көмір энергетикасы саласында қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойды. Осы орайда Қазақстанның Польшадағы Елшісі Е.Өтембаев соңғы кездері Польша компанияларын қазақстандық рыногқа шығаруға белсенді ат салысқан Қарағанды облысы басшылығымен орнаған сындарлы өзара іс-қимылды ризашылықпен атап өтті.
Оның айтуынша, «KZ-EURO-PL» жобасы поляк және еуропалық инвестициялар мен жаңа технологияларды өзара тиімді шарттармен Қазақстанға маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін ең ыңғайлы формат ретінде әзірленіп отыр.
Поляк тарапы Қазақстан мен Польшаның экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссияның тең төрағасы, Экспо-2017 Комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.Жошыбаевпен өткен кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Жобаны жүзеге асыру үшін Р.С.Жошыбаевпен Елші Е.Өтембаевтың бірлескен бастамасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолғабысы арқасында Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдері орынбасарларымен бейнеконференция өткізілді. Бұл конференция арқылы поляк компанияларына облыстар үшін басымды жобаларға қатысу мүмкіндіктерін тікелей талқылауға жағдай жасалды.
Р.С.Жошыбаев Қазақстан мен Польша арасында өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін орасан зор әлеует жинақталғанын атап өтті. Бұл жағдай 2015 жылға жоспарланған Қазақстан-Польша Бірінші өңірлер форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізуге ықпал етті. Сондықтан аталмыш мәселе бойынша ынтымақтастық аясын күрт кеңейтуге және кәсіпкерлер үшін қолайлы әрі өзара тиімді жағдайлар жасауға мүмкіндік тудыратын қазақстандық өңірлермен белсенді ықпалдастықты қамтамасыз етуге ерекше орын бөлініп отыр.
К.Марцинкевич бастаған поляк делегациясы ү.ж. 7 қарашада Шымкент қаласында өткен Халықаралық инвестициялық форумға қатысып, оның шеңберінде облыс басшылығын Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кластерін дамыту бойынша пилоттық жобаның тұжырымдамасымен таныстырды. Нәтижесінде, Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімдігі және Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық бойынша кеңес арасында облыстағы инвестициялық жобаларға поляк компанияларын тарту бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтитын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Пилоттық жоба және Меморандум 2015 жылы Шымкент қаласында өтетін агроөнеркәсіптің дамуына арналған Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында поляк инвесторларын ынталандыруға көзделген.
Сапар нәтижелерін қорыта келе, бұрынғы Премьер-министр К.Марцинкевич өңірлер деңгейіндегі келісімдер аймақаралық іскерлік серіктестіктің платформасын құруға мықты негіз құрғанын атап өтті. Сонымен бірге, пилоттық жобаның басты назарына индустриалды-инновациялық серіктестік платформасының мәселелері және Қазақстан мен Польша өңірлерінің бірінші форумы алынатын болады.