БҮГІН ҚЫЗЫЛОРДАДА АУА РАЙЫ 3 ГРАДУСҚА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕЙДІ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 4-5 қазан түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы 3 градусқа дейін суытады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы