ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
2017 жылғы 04 қазан сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында электросиреналарды қоса отырып «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы беріледі. Сонымен қатар теле-радио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі.
Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.