БАЛЫҚШЫЛАР ЕСКЕРЕ ЖҮРЕР ЕРЕЖЕ
Балық пен аңшылық белсенді демалыстың түрі, алайда қауіпсіздік ережесін сақтамаса, табиғат аясындағы тыныстаудың арты қайғылы аяқталуы мүмкін.
Қызылорда облысы ТЖД мамандарының айтуынша осы жылдың 9 айында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 адам суға батып кетті.
Ережені ескеру қажеттігін жиі айтатын сала мамандары қайықпен балық аулау кезінде ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажеттігін ескертеді.
Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырғандарға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 583 - бабы) салынады. Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Шағын көлемді кемелермен аңшылыққа шыққан кезде және балық аулау кезінде сақтауға тиісті қарапайым ережелер:
1)өзімен бірге дәрі – дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс;
2)балық аулар алдында немесе аңшылықты бастамас аумақты мұқият қарау керек;
3)спирттік ішімдік және есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынады;
4)қайықтың жарамдылығын, оның құтқару желетімен және шеңбермен, белбеумен жабдықталуын тексеру қажет;
5)қайықта шелектің немесе суды құйып алатын кез келген ыдыстың болуы қажет;
6)балық аулау жабдықтары мен аң аулайтын құрал – саймандарды қайықтың бортына жағалай, заттарды (киім, сөмке, чемодан) қайықтың тұмсығына, артқы жағына және орындық астына орналастыру қажет;
Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.
Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті