ЖҮЗ САҒАТҚА ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛДЫ
Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Аудандық АІІБ-ның полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде кенттегі Д. Смайлов көшесі бойынан күдікті Б. ұсталып, куәгерлердің қатысуымен тінту барысында оның шалбарының қалтасынан салмағы 0, 99 грамм кептірілген марихуана табылған.
Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай сотталушы Б. өзіне тағылған айыпты толық мойындаған.
Соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен сотталушы Б. кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.