ЖАҢАҚОРҒАНДА 172 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Марлен Нұртазаев кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуде айтты, деп хабарлайды кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Филиал директорының айтуынша, ауданда Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы кеңесшілері осы жылдың 9 айында 736 адамға мемлекеттік бағдарламар бойынша 1293 мәрте кеңес беріп, кәсіпкерлерге 193 бизнес-жоспар жасаған және 148 сервистік қызмет көрсетілген. Бұл қызметтердің барлығы тегін.
Мұнан өзге, жыл ішінде Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының демеуімен ауданда жалпы құны 440,3 млн.теңгені құрайтын 134 жоба қаржыландырылып, жаңадан 172 жаңа жұмыс орны ашылған.
Мысалы, «Қызылорда» Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 178 млн. 500 мың теңгені құрайтын 47 жоба қаржыландырылып, 60 адам жұмыспен қамтылды.
-«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 172 млн. 100 мың теңгені құрайтын 78 жоба қаржыландырылып, осының нәтижесінде 84 адам жұмыс тапты.
-«Қамқоршы» несие серіктестігі 43 млн теңгені құрайтын 6 жобаны қаржыландырылып, 14 адам жұмысқа тартылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы 46 млн. 700 мың теңгені құрайтын 4 жобаға қаржы бөлініп, 14 адам жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, аудан көлемінде жеке секторда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді қамтамасыз ететін 48 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, филиалдың көмегімен алтауының қаржыландырылуына қолдау жасалған.