ҚҰРЫЛЫМДЫҚ РЕФОРМАЛАР АЛДАҒЫ БЕЛЕСТЕРДІ ЕҢСЕРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ - К.МӘСІМОВ
Қазақстанда құрылымдық реформалар жалғасын табады. Бұл туралы бүгін «Эксперт-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің VІ экономикалық форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Мемлекет басшысы бірнеше күн бұрын Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Бұрынғыға қарағанда Елбасының бұл Жолдауы ертерек жария етілді. Бұл бірінші кезекте ағымдағы ахуалға және геосаяси, геоэкономикалық кеңістікте болып жатқан жағдайға байланысты. Президент өзінің тапсырмасын негіздеген тақырыптардың бірі құрылымдық реформаларды, әкімшілік реформаларды жалғастыру мәселелеріне қатысты», - деп тоқталды Үкімет басшысы.
Осы орайда К.Мәсімов әкімшілік басқару жүйесі тиісті деңгейде қалыптаспаса, онда алға қойылған идеялар жүзеге аспайтындығын атап өтті.
Үкімет басшысы осыған байланысты биылдың орта кезінде Мемлекет басшысы Үкіметтің реформасын жүргізу, ораталық пен өңірлер арасында кейбір қызметтердің қайта бөлу шешімін жасағандығын, қазіргі Жолдау қолайлы деңгейде жүзеге асуы үшін тиісті заңнамалық өзгерістер қабылданғанын жеткізді.
Премьер-Министр ағымдағы құбылмалы жағдайда, яғни әлемдік экономика теңселе бастаған уақытта, көптеген шикізаттық ресурстарға бағаның құлдырауы кезеңінде контрциклдік саясатты, контрциклдік бюджеттік саясатты жүргізу керектігін атап өтті. Бұл тұрғыда Қазақстанның экономикасын ынталандыру үшін қосымша ресурстар бөлініп отыр.
«Екінші бағыт құрылымдық реформаларды жалғастыруға қатысты. Біз оны халықаралық қаржылық институттармен бірге іске асырудамыз, яғни Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Азия банкімен, Ислам банкімен, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен бірлесе атқарудамыз»,- деді К.Мәсімов.
Үкімет басшысының пайымынша, бұл бағыттағы шаралар Қазақстанға қиындықтарды еңсеруге, елдегі жеке инвестицияларды дамыту үшін қажетті жағдайды жасауға мүмкіндік береді.