ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ЖАҢА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі бір жолға қойылды. Осының арқасында биыл жыл аяғына дейін жаңа емхана пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Теміржолдың солтүстік аймағы тұрғындары үшін қызмет көрсететін №2 қалалық емхана 400 келушіге арналып отыр.
Сонымен қатар, алда Сырдария ауданындағы Ақжарма, Аралдағы Бекбауыл, Қазалыдағы Өркендеу ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынады. Сондай-ақ, Тасбөгет кентінен ауысымына 250 келушіге арналған емхана салу жобасы жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға жалпы көлемі 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады.