ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өткен болатын. Жарыста облыс құрама командасы сапында өнер көрсеткен қармақшылықтар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің сайты.
Нақтырақ айтқанда, ерлер арасында өз жас аралықтары бойынша Мейіржан Мақшат 200, 400 және 800 метр қашықтыққа, ал Бағдат Елібаев 100 және 200 метрге жүгіруде жарыс жеңімпазы атанса, 400 және 800 метр қашықтықта бақ сынаған Ержан Қуандықов жүлделі ІІ орынға көтерілді. Сонымен қатар, әйелдер арасында өткен дискі, ядро және найза лақтыру сияқты спорт түрлерінен Әсел Қозыбағарова ІІ орын иегері атанған.