ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ОРТАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Қызылорда облысының құқық қорғау қызметтері орталығында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары азаматтарды қабылдады. Он адам облыс прокурорының жеке қабылдауында болды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қабылдау барысында барлық тұрғындарға тиісті түсіндірме берілсе, ал жекелеген шағымдар облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.
Жеке қабылдаудың бұл түрі азаматтар мәселелерін жедел шешумен қатар оларға жедел құқықтық көмек көрсетуге өз септігін тигізеді.
Орталықта бекітілген кестеге сәйкес (әр айдың соңғы аптасының бейсенбісінде сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін) құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қабылдау жүргізеді.
Жалпы орталық бір ай ішінде барлығы 189 азаматтарды қабылдапты. Ал прокурорлар жалпы бүгінгі күнге дейін 72 азаматты қабылдап, олардың 57-не ауызша түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, 15 азаматтан жазбаша өтініш қабылдаған.