ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КАРАТЭШІЛЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Шымкент қаласында каратэ-додан балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 25 медальмен оралды. Оның 6-уы алтын, 6-уы күміс, 13-і қола медаль.
Аяулым Тілектес (-20 келі), Бақдәулет Түржігіт (+35 келі), Константин Ню (ката), Әсемгүл Ердәулет (-47 келі), Әлішершәріп Қонысбек (-55 келі) және Кемелбек Қабланбек (-76 келі) алтын медаль иеленді.
Жібек Елімбетова (-20 келі), Ернұр Рысбек (-25 келі), Алдияр Бауыржан (+25 келі), Ербол Үсенбек (-35 келі), Дамир Камал (-63 келі), Алиасқар Махамбет (+70 келі) чемпионаттың күміс жүлдегерлері атанды.
Ал Расул Ұзақ (-20 келі), Сымбат Елімбетова (-25 келі), Ақерке Сейітқали (-30 келі), Айзия Бағдат (-30 келі), Самрат Асылбекұлы (-35 келі), Берік Раимов (-35 келі), Әлия Арыстанбек (-35 келі), Бақдәулет Құбаш (-40 келі), Константин Ню (-40 келі),Нұртуған Тлеубергенов (-45 келі), Дастан Сыздық (-55 келі), Мұхаммедали Мағанатұлы (-57 келі), Дінмұхаммед Мейрам (-68 келі) жарыстың үшінші тұғырынан көрінді.
Спортшылар №2 ОРМБЖМ, Қажымұқан спорт клубы және облыстық каратэ-до федерациясында жаттығады. Оларды жарысқа Рүстем Қараев, Нұржан Ақпанбет, Нұрбол Тойшыбаев, Әкімжан Нұрғалиев, Еркін Боханов, И.Леонид, Мақсат Қодаров және Нұрсұлтан Бақбергеновтер дайындады.