АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАНАДЫ

Жалпы, аталған мәслихаттардағы 4 депутаттық мандатқа 12 кандидат ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы – 46, ең үлкені 60-та, ең жасы 26 жаста. Тіркелген кандидаттардың қатарында 2 мектеп директоры, емдеу мекемесінің 3 қызметкері, 2 жеке кәсіпкер, 2 мұғалім, 1 мемлекеттік қызметкер, 1 саяси партияның, 1 қоғамдық бірлестіктің өкілі бар. Сайлауды ұйымдастыруға облыстық, 3 аудандық аумақтық, 4 аудандық округтік және 7 учаскелік сайлау комиссиялары атсалысады.
Аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеудің мерзімі 4 қазанда аяқталады. 5 қазаннан бастап кандидаттар сайлауалды үгіт жұмыстарына кіріседі.
Республикалық бюджеттен әрбір кандидаттың теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына тең мөлшерде 153000 теңгеден қаражат бөлінген. Сайлауға әзірлік кезеңі ішінде сайлау комиссияларына сайлау заңнамасының бұзылуы туралы өтініштер келіп түскен жоқ, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов.