ҒАРЫШТАҒЫ 341 КҮН!
Осы жылғы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан жасанды жер серігінің ұшырылғанына 60 жыл толады. Осы күннен бастап космонавтика дәуірі басталды.
Ал 1961 жылы 12 сәуірде Жер шарының алғашқы адамы – Кеңес Одағының ұшқышы Юрий Гагарин ғарышқа аттанды.
Cодан бері адамзат баласының шамамен бес жүз елу шақтысы ғарышта болып қайтты. Олардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтер де бар.
Егемендік алған Қазақстанның бірінші ғарышкері Талғат Мұсабаев Н.Ә. Назарбаевтың қамқорлығының арқасында ғарышқа үш рет ұшты. Оның 1994 жылғы шілдедегі алғашқы сапарының алдын да, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің бірлескен шешімімен оған Қазақстан Республикасының азаматы, Ресей Федерациясының әскери қызметшісі деген мәртебе берілді.
Жоғарғы кәсіби тәжірибесі мен ұмтылысы Т. Мұсабаевқа халықаралық ғарыш экипаждарының командирі ретінде ғарышқа тағы екі мәрте сапар жасауға мүмкіндік берді. Оның 1994, 1998 және 2001 жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы жылға жуықтады.
1995 жылы 12 қаңтарда қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа мемлекеттің жоғары наградасы – «Қазақстан ғарышкері» атағы табыс етілді, олар №4 және №5 алтын жұлдызды иеленді.
2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты
Осы 14 қазанда Айдын Айымбетовке «Қазақстан Рес публикасының Халық Қаhарманы» №34 алтын жұлдызы табысталып, «Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді.
Әлемде өз ұлтынан үш немесе одан да көп азаматы ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар екен. Міне, солардың қатарында біздің де еліміз бар.