3 ЖЫЛДA «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 3,5 ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ТОЛЫҚТЫРМАҚ
3 жылдан соң «Болашақ» бағдарламасының 3,5 техникалық маманы Қазақстанның еңбек нарығын толықтырмақ. Бұл туралы Астанадағы бiлiм мәселелерiне арналған BARCEF-2014 форумында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентi Ғани Нығыметов мәлiм еттi.
«Болашақ» бағдарламасы іске асырылған 21 жылда 10902 стипендия тағайындалды. «Болашақ» стипендиаттары әлемнің 30-ға жуық елінде үздік университеттерде білім алуда. Былтырғы форумда Мемлекет басшысы он мыңыншы стипендиатқа сертификатты өз қолымен табыстады. Оның 7 мыңы қазiргi уақытта оқуларын тәмамдап, ел игiлiгiне қызмет етуде. Олардың 40 пайызы - инженер-техник», - дедi ол.
Оның айтуынша, техникалық мамандарға назар аударудың себебi сол - олар ҮИИДБ және «Нұрлы жол» бағдарламаларын iске асыратын негiзгi адами капитал болмақ.
«Қазiргi уақытта шетелде 2,5 мың стипендиат бiлiм алуда. Олардың 1 мыңы техникалық мамандықтар бойынша. Жоспарлап отырғанымыздай, алдағы 3 жылда тағы 3,5 техникалық маманы Қазақстанның еңбек нарығын толықтырады», - деп атап өттi Ғ.Нығыметов.
Форум жұмысына ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов, ҚР Сыртқы iстер вице-министрi Ержан Ашықбаев, «Назарбаев Университеті» АҚ президентi Шигео Катсу қатысты.
Сонымен бiрге алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің BARCEF-2014 форумына «Болашақ» стипендиаттары оқитын шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері келді.