ҒАРЫШҚА ЖОЛ САЛҒАН БАЙҚОҢЫР
4 қазан – Байқоңыр ғарыш айлағынан ғаламшар тарихында алғаш рет жасанды жер серігі ұшырылған күн. Осы күн әлемде адамзат үшін ғарышты игеру дәуірінің басталған күні болып саналады.
1957 жылғы қазанның 4-інде Байқоңыр ғарыш айлағынан ғаламшар тарихында алғаш рет жердің жасанды серігін ұшырылды. 1967 жылдың қыркүйек айында Халықаралық астронавтика федерациясы бұл күнді мереке деп жариялады. Жер бетіндегі адамзаттың өмірін жақсартуға ғарыштану ғылымы мен технологиясының қосқан үлесін құрметтеу мақсатында 1999 жылғы желтоқсанның 6-дағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 54/68 қарарына сәйкес өткізіледі.
Космонавтиканың екінші тарихи оқиғасы адам баласының ғарышқа ұшуы болды. 1961 жылы 12-сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарышқа көтеріліп, тылсым дүниені барлап қайтты.
Осылайша адамзат баласы үшін ғарышты игеру дәуірі басталды Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қытайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланылып келеді.