КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ӨЗІМІЗДЕ ЖАСАЛАДЫ
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы ауру түрлерімен тіркелгендер көрсеткіші жыл сайын 7%-ға артып отырады.
Қызылорда облысында тек жыл басынан бастап скринингтік зерттеулер негізінде 4 мыңнан астам адам диспансерлік тіркеуге алынды. Олардың шамамен 1,5 мыңы тиісті хирургиялық ем қабылдады, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Медициналық мекемелердің заманауи жабдықтармен қамтылып, ең озық технологияларды қолдануы және жинақталған тәжірибе жергілікті мамандарға кез келген күрделі операцияны сәтті жасауға мүмкіндік беріп отыр. Өңірде денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша «Жол картасы» қабылданды. Ол қан айналымы жүйесі ауруларынан туындайтын өлім мен мүгедектікті азайтуға бағытталған.
-Біз инсультті емдеп қана қоймай, алдын алумен де айналысамыз. Операцияларымыз кезекке қойылған. Бұған дейін мұндай операцияларды жасау үшін қызылордалықтар Астана мен Алматы қаласына баратын,– дейді облыстық медициналық орталық директоры Сәбит Пазылов.