ОҚО ҚҰРАМАСЫ ОЗЫҚ ШЫҚТЫ
Осы жылдың 28-30 қыркүйек күндері Тереңөзек кентінде волейболдан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында 19-шы халықаралық турнир өтті. Оған еліміздің 8 облысынан және Өзбекстан, Ресей елдерінен 22 команда 300-ге жуық спортшы бақ сынасты.
Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының командасы 1-орынды жеңіп алды. Екінші орынды Сырдария ауданы, үшінші орынды Өскемен қаласының командалары иеленсе, төртінші орын Астана қаласының командасына бұйырды.
Турнирде Қалибек Қалымбетов (Өскемен) «Үздік қорғаушы», Балташ Азат (Астана қ.) «Үздік үйлестіруші», Атамұрат Рысбаев (Ақтөбе) Үздік шабуылшы», ал ОҚО құрамасының мүшесі Бекзат Кәрімқұлов «Үздік ойыншы» номинацияларын иеленді.
«Үздік жаттықтырушы» атанған Хабыуахид Жайдаров (Астана қ.), Ержан Жақыпов (ШҚО), Болат Рысмахан (Сырдария), Камилжан Сайдалиев (ОҚО) мен «Үздік төреші» Ғалым Абдреймовтертерге (Жаңақорған) марапат тапсырылды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға грамота, медаль, кубок және ақшалай сыйақы берілді.