ҚАРМАҚШЫДА АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР БАЛЫҚ АУЛАП ЖАРЫСТЫ
1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай Иіркөл ауылдық округіндегі «Тұзды көл» жағасында ардагерлер мен жастар арасында балық аулаудан жарыс өтті.
Жарыс нәтижесінде «Салмағы ең ауыр балық» аталымы бойынша Жақан Тоқтаров, «Ең көп балық» аталымы бойынша Сәдуақас Шалабаев, «Дәмді сорпа дайындағаны үшін» аталымы¬мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» өкілдері марапат¬талды.
Жарыс жеңімпаздарына аудан әкімі Сұлтан Мақашов Алғыс хат пен сый-сыяпат тарту етті.
– Ардагерлеріміз қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келеді. Отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз аға буыннан үйрендік. Сол үшін де сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде ардагерлер жастарға жол көрсетіп, аталық ақыл-кеңестерің береді деген сенімдемін, – деді аудан басшысы.