ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша 2 қазанда таңертең және күндіз, 3 қазанда түнде Қызылорда облысының кей аумағында секундына 15-20 метр жел тұрып, шығыстан солтүстік-батысқа ауысады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы