МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырумен Достық үйінің мәжіліс залында «Медиацияны халық арасында ілгерілету: өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында отырыс болып өтті. Дөңгелек үстелге әртүрлі сала мамандары, атап айтсақ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, Қызылорда қалалық сотының судьясы Кәмшат Сәдуақасова, Медиация дамыту орталығы» РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Ләззат Бақтыбаева, Қызылорда облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Хәкімжан Әлиев, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Жақып Шаймұханбетұлы, «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің үйлестірушісі Нұрлан Тасыбаев, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Айта кету керек, бүгінгі күні өңірде медиация қарқынды дамып келеді. Себебі, медиация тақырыбы барлық ортада ерекше өзекті. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының күшіне енген кезден бастап бес жыл көлемінде республика аумағында 13 облыстық деңгейдегі өкілдіктер ашылып, 500-ден астам арнайы дайындықтан өткен кәсіби медиаторларды дайындап, кәсіби медиаторлардың қатысуымен сотқа дейін және сот процесінде 6000-нан астам дау-дамай шешіліп, медиациялық келісім-шарттар жасалған. Сондықтан даулы жағдайларда медиаторларды тарту жолымен баламалы түрде шешу біршама тиімді әдіс болып табылады.
Отырыс соңында баяндамалар талқыланып, өзара пікір алмасуға ұласты. Алдағы уақыттың жұмыс жоспарлары бекітіліп, нақты шешімдер қабылданды.