ЖАҢАРҒАН КЕШЕННІҢ КЕРЕМЕТІНЕ ТАМСАНДЫ
Түркітілдес өнерпаздардың басын қосқан «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі қонақтары бүгін түстен кейін ұлы ойшыл мәңгілік мекен тапқан Қармақшы топырағына табан тіреді.
Дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген Қорқыт бабаға құрмет танытуға әлемнің әр түкпірінен жиналған меймандар жаңғырған кешеннің кереметіне таңғалыстарын жасыра алмады.
Түркиядағы Хаджеттепе университетінің профессоры Озкул Чобаноглы кешеннің түбі бір түркі жұрты үшін ортақ мақтаныш екенін айтса, өзбекстандық ғалым Александр Жумаев ұлы ойшыл атындағы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Фестиваль өте жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, қазақтардың бабаға құрметі мен қонақжайлылығына ризамын,– деді ғалым.