ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА
Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен архив құжаттарынан дайындалған «Сыр елі – ынтымақ мекені» атты көрме қойылды.
Іс-шарада Қызылорда облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің басшысы Г.Ахметова кіріспе сөз сөйлеп, тарихи деректерге тоқталып өтті.
Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының академиялық доценті Айтжан Оразбақов, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің тарихшысы Эльмира Нұрпейісова, Қызылорда облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев ұлттар арасындағы татулық, достық қоғамымыздың құндылығы болып саналатынын айтты.
Шара аясында жастар талай ұлттың басын қосқан байырғы мекен Сыр бойындағы достық пен бірлікті бейнелейтін көрмемен танысты.