САХНАДА «ДІННЕН ШЫҚҚАН ДҮРБЕЛЕҢ»
Қойылымда теріс діни ағым жетегіне еріп, адасқан жандар өмірі суреттеледі. Жат ағымның қарапайым отбасына салған лаңы, Сирияға аттанған ұл мен келін тағдыры суреттелді.
Режиссер Ерболат Досханның айтуынша 3 актілі көріністен тұратын қойылымды дайындауға 2 айдай уақыт жұмсалыпты. Теріс ағымға арбалып, адасқандар бейнесін аудандық және ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері С.Сейтенов, Р.Қалкөзов, А.Жұмашова, Н.Сарманов, Ғ.Маханов, Ғ.Нысанбаевтар шебер сомдап шықты.
Қойылым соңында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов сөз алып, қойылым авторларына, артистерге алғысын айтты.