ФЕСТИВАЛЬ ҚОНАҚТАРЫ ЭТНОАУЫЛДА БОЛДЫ
Бүгін «Қорқыт және Ұлы дала сазы фестивалі аясында шара қонақтары ұлы баба кешені маңайында орналасқан этноауылда болды.
Ұлтттық салт-дәстүрімізді дәріптеген этноауылда бірнеше ақшаңқан киіз үй тігіліп, қолөнер бұйымдары қойылған.
Мұнда фестиваль қонақтарына «Бесікке салар», «Тұсау кесер», «Тілашар» секілді ұлттық дәстүрлер көріністері көрсетілді.
Татарстаннан келген өнерпаз Айдар Алиев бұл бұл шарадан түркіге ортақ көрініс тапқанын айтса, әзірбайжандық Бабек Гулиев қазақ халқының әдет-ғұрпына қызыққанын жеткізді.