ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР САЛА АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
1 – қазан халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі сала ардагері Әбдіуәли Мұсаевты қарттар күнімен құттықтады.
Ардагер жас өрт сөндірушілерге алғысын жеткізіп, өз өмір жолынан естеліктер айтты.
1965 жылы Қызылорда қаласы өрт сөндіру командасына өрт сөндіруші болып қабылданған ол осы салада талай қызмет баспалдағынан өтті. Жалынға шарпылған ондаған адамды құтқарды. Біраз жыл осы бөлімді басқарды. 2001 жылы құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін ол өртке қарсы қызметте тағы 7 жыл жұмыс істеді.
Әбдіуәли аға жастарға алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі. Азаматтық қорғау қызметкерлері ардагерге сый-сыяпат тапсырды.