ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚПЕН ТАНЫСТЫ
Өңірлік коммуникация қызметінің БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырған кезекті пресс-турын қаланың жылу маусымына дайындығына арналды.
Соңғы 5 жылда 8 млрд. теңгеден астам қаржыға, қаладағы 60 пайыз магистралды жылу желілері жаңартылған. Өткен жылы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген 997 млн.178 мың теңгеге ұзындығы 13 шақырымды құрайтын жылу желілері ауыстырылды.
БАҚ өкілдері әуелі И.В.Панфилов атындағы № 5 мектеп-лицейде болды. 1975 жылы салынған білім ошағы былтыр жөндеуден өтіп, есік-терезелері жаңартылған. Ал биыл білім ошағындағы жылу құбырлары ауыстырылды.
Қала мектептері қажетті отынмен толық қамтамасыз етілді. Бес білім ошағы орташа жөндеуден өтті. Бұған бюджеттен 55 млн. теңге бөлінді,– дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов.
Осыдан кейін БАҚ өкілдері Қазантаев көшесі бойындағы құбыр ауыстыру жұмыстарының барысын көрді.
Биылғы жылға, жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 904 млн. 100 мың теңге қаралған. Оның ішінде жылу жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына 764 млн. 600 мың теңге Европалық қайта құру және даму банкі арқылы және кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 139 млн. 500 мың теңге.
Қазіргі таңда, «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі тарапынан жоспарланған 11,3 шақырымның 10,2 шақырымына немесе 97 пайызына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және «Европалық қайта құру және даму банкі» арқылы қаржыландырылатын 7,8 шақырымды құрайтын 4 жобаның жоба сметалық құжаттамалары әзірленуде.