ӘУЕЗОВ МҰРАСЫН НАСИХАТТАУҒА АРНАЛДЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай, мектеп оқушылары арасында «Ұлы суреткер» атты эссе-байқаудың қорытынды шарасын ұйымдастырды.
Мәдени шараның мақсаты заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан-ғайыр мұрасы мен шығармаларын насихаттап, бала бойында рухани құндылық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру болды7
Сайысқа С.Толыбеков атындағы №36, Әли Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицейлер мен Т.Жүргенов атындағы №136, М.Шоқай атындағы №187, Ж. Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп оқушылары қатысып, жазушының «Жетім» әңгімесі бойынша эссе жазды..
Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі диплом С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейдің 6 «Д» сынып оқушысы Мөлдір Талғатқа, ІІ дәрежелі диплом Әли Мүсілім атындағы №101мектеп-лицейдің 7 «Д» сынып оқушысы Феруза Мәдениет пен С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейдің 7 «Г» сынып оқушысы Ситора Сақыпжанқызына, III дәрежелі диплом С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейдің 6 «А» сынып оқушысы Әліби Айтқожаевқа, Әли Мүсілім атындағы №101мектеп-лицейдің 8 «А» сынып оқушысы Айкүміс Ұзақова мен 8 «Ә» сынып оқушысы Алтынай Серікке берілді.