КƏСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ - БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ
Қызылорда облысы кəсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиал директоры Марлен Бақытұлы Нұртазаев кəсіпкерлер алдында есеп берді.
Есеп беру кездесуінде аудан əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев ауданда кəсіпкерлік саласы бойынша атқарылған нəтижелі жұмыстар жайында, аудан прокуроры Нұрболат Серікұлы Дүйсенбаев кəсіпкерлердің құқығын қорғауда бір терезе қағидасы аясында жұмыс жасау мақсатында кəсіпкерлер палатасынан арнайы ашылған прокурор кабинетінің нəтижесі жайында жəне кəсіпкерлер палатасы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы кəсіпкерлер кеңесінің мүшесі Керімхан Егізбаевтың хабарламасы тыңдалды.
Жиынды Қызылорда облысы кəсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықұлы Жақсылықов жүргізді.