«МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» АЯСЫНДАҒЫ АКЦИЯ АУҚЫМДЫ ӨТТІ
Осы жылғы қыркүйек айының 25-27 күндері аралығында облыс көлемінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» республикалық акциясы өткізілді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Акцияның негізгі мақсаты халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Акция барысында облыс бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін 1688 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Олардың 66-сы ит пен мысықтарды асырау ережесін бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы), 87 адам ұсақ бұзақылық жасаған (434-бап). Сондай-ақ, түн тыныштығын бұзған 55 (437-бап), қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішкен (440-бабы) 137, белгіленбеген орындарда темекі шеккен (441-бап) 61 тұрғын жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, акция барысында полиция қызметкерлері құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, семинарлар өткізілді.
Акция аясында тұрғындарға мүлдем төзбеушілік қағидатының көздейтін мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, қоғамдық орындарды ластамауға, саябақтар мен көшелердегі жарықшамдар мен мүліктерді бүлдірмеуге шақыратын насихат шаралары жүргізілді.