ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ – ЕҢБЕК
Қызылордада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында «Еңбек күні» мерекесіне орай «Әлемнің әміршісі – еңбек» атты мәдени шара ұйымдастырылды.
Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, осы арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздеген шарада еңбек адамдарының ерлігі, қоғамды қалыптастыруға қосқан үлес жайлы айтылды. Дала академигі атанған Ыбырай Жақаев, ер азаматтармен бірдей иық тірестіре еңбек етіп, мемлекет байлығын еселеп өсірген Шырынкүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова, Ұлбала Алтайбаева, Жадыра Таспанбетова, Закира Ержанова секілді ақ жаулықты аналарымыздың өнегесі насихатталды.
Мәдени кеште Қызылорда көпсалалы «Ұлағат», М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері еңбек ерлеріне арналған өлең шумақтарын оқып, ойын-викторинаға белсене қатысты.
Ерен еңбек иелерінің өмірі, жеткен жетістіктері жайлы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдар «Еңбек мерекесі - елдің берекесі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.