ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ АУҚЫМЫ ҰЛҒАЯ ТҮСТІ
Қызылордада төртінші ре өткізіліп жатқан «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі фольклорлық музыкалық өнер фестиваліне биыл түркі тілдес 10 мемлекеттен 60-қа жуық өкіл қатысуда.
Фестиваль меймандары шара аясында өткен ғылыми-теориялық конференцияда ұзандар жырына із салған ұлы бабаға құрмет, түркітілдес мемлекеттердің мәдени байланысын нығайту жайлы ой-пікірлерін білдірді. Бұл шараның түркі бауырластардың өнерін бағалау, олардың әлемін, мәдениетін танудың бірден-бір – ғылыми трибунасы екендігін жеткізді.
Бүгін фольклортанушы ғалымдар студенттерге шеберлік дәрістерін өткізуде. Түстен кейін Қармақшы ауданына жол тартып, Қорқыт ата кешені басында өтетін шараның гала-концертіне қатысады.